Ақ патшаның 1916-шы жылғы маусым айының 25-і күнгі, қазақтан майдан даласына адам алу туралы жарлығы («июнь жарлығы») шыққан кезде, қазақ халқы орыс отаршыларының соғысқа деп салған салығынан көзін аша алмай отырған кез болатын. Бұл жарлық бойынша 19-43 жас арасындағы қазақ ерлері әскерге шақырылып, қару алып соғысқа қатыспаса да, соғыстың алғы шептерінде қара жұмысқа жегілетін болды. Соғысқа қатыстырылмау себебі, патшалық Ресей ол кезде қазақ секілді «бұратана» деп атау қойған жұртқа сенбейтін. Бұл Жарлыққа наразы қазақ даласында бұрқ еткен көтеріліс кең көлемді ұлт-азаттық қозғалыс сипатына ие болды.
Қазақ халқының тарихында алтын әріппен жазылатын сол оқиғаға бүгін 90 жыл толып отыр. Ұлт-азаттық күресінің күрескерлерін еске алу рәсімі маусымының 26-сы күні Алматыда және Қазақстанның басқа қалаларында атап өтілді.
Алматыдағы Абылай хан даңғылы бойындағы, 1916-шы жылғы ұлт-азаттық күресінің әйгілі батырларының бірі Аманкелді Иманов ескерткіші алдында дүйсенбі күні «Ұлт тағдыры» қозғалысы ұйымдастырған бейбіт акция болып өтті.
- Ұлты үшін күрескен батырлар аруағын осы уақытқа дейін ешкімнің ескермей келе жатыр, осыған жеткілікті көңіл бөлетін кез жетті, - деді «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшім.
Бұдан соң 1916-шы жылғы ұлт-азаттық күресінің батырларының аруағына арналып, құран оқылып, Аманкелді Иманов ескерткіші алдына гүл шоқтары қойылды.
- 1916-шы жылғы ұлт-азаттық күрестің нақты себебі - езілген халықтың отаршыларға деген наразылығы болмақ. Осы наразылық бара-бара қарулы күреске айналып, қазақ даласы қанға боялды, - деді тарихшы Бейбіт Қойшыбай.
Қазақстандағы «Алаш» қозғалысы төрағасының орынбасары Хасен Қожахмет 1919-шы жылғы қазақ даласында бұрқ еткен осы күрестер патшалық Ресейдің ірге тасын шайқалтса, содан кейін 70 жылдан соң - 1986-шы жылғы Желтоқсан көтерілісі бүкіл Кеңес империясының ыдырауына себепкер болды деген пікір айтады. Жазушы Смағұл Елубай, ұлт-азаттық күресінің батырларын еске алу рәсімін осымен тоқтатпай, бұл іс-шараны алдағы желтоқсанның 16-17-сіне дейін, яғни Желтоқсан көтерілісіне 20 жылдығына дейін жалғастыру керек деген пікір айтады.
Дүйсенбі күні Алматыда А.Иманов ескерткіші алдында ұлтшыл-патриоттар өткізген бейбіт акцияға 50 шақты адам жиналды. Ал, бұл іс-шараны бір топ қала полицейлері үнсіз бақылап тұрды. 1,5 сағаттай уақытқа жалғасқан акция бейбіт жағдайда өз жұмысын аяқтады.