ТЕҺРАН. Иранның ресми өкілі Әл Лариджанидің айтуынша, Теһранның ядролық бағдарламасына деген халықаралық қоғамның алаңдауына Иран “мән” береді. Бірақ халықаралық қоғамның Иранды уран шикізатын байыту бағдарламасынан бас тартуға ынталандыру мақсатында жолдаған ұсынысына Иранның қашан жауап беретінін Ә.Лариджани айтпады. Бейсенбі күні Лариджани Брюссельде Еуроодақтың сыртқы саяст басшысы Хавьер Соланамен кездесті. Бүгіл ол Испания премьері Хосе Луис Родригес Сапатеромен кездесуге тиіс.