Ресей президенті Владимир Путин жексенбі күні “Эрмитаж Капиталын Басқару” қорының басшысы Билл Браудерге неліктен Ресейге кіру визасы берілмегенін білмеймін деп мәлімдеді. Аталған қор Ресейге шамамен 4 миллиард доллар инвестиция салған. Совет Одағы ыдырағалы бері Ресей экономикасына көп инвестиция құйғандардың бірі Британия азаматы Браудер өткен жылдың қараша айында ешқанадай түсініктемесіз Ресейден депортацияланған болатын.