Бүгін НАТО жетекшілерінің Ауғаныстанға сапары жалғасып, олар тәліптер көтерілісі жиі болатын аймақ елдің оңтүстігіне бармақшы. Хабарларға қарағанда, НАТО-ның бас хатшысы Яаап де хуп Скефер мен НАТО-ның әскери операциялар қолбасшысы генерал Джеймс Джонстың Қандағар, Орузган және Хельманд провинцияларына сапары жоспарланған. НАТО бастаған күштер осы айдың соңына дейін бұл аймақтағы қауіпсіздікке жауапкершілікті алуды көздеп отыр.