Accessibility links

АҚШ Иран мен Сирияға Ливан дағдарысын реттеуге кедергі жасамауды ескертті


АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Сирия мен Иранды Ливандағы атысты тоқтатып, бітімге келу мәселесіне кедергі жасамауын ескертті. Малайзияға жолға шығар алдында тілшілерге берген сұхбатында ол, Сирияға Ливан аймағында қайта орналасып, ықпалын арттыруға жол бермеу керек деген. Ал, Иранды экстремистерге қолдау жасап отыр деп айыптады. Иран мен Сирия елдері сәрсенбі күні Ливан дағдарысын реттеу жөніндегі Римде өткен жиынға шақырылмады.
XS
SM
MD
LG