Accessibility links

АҚШ президенті Джордж Буш Ливанға тезірек көпұлтты күштер жіберілуі керек деп айтты


Британия премьер министрі Тони Блэйрмен бірге өткізген баспасөз мәслихатында президент Буш:

“Келесі аптада БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің кездесуі болады. Біздің мақсатымыз - қарардың жетінші бөлігі бойынша тезарада әскери әрекеттерді тоқтатып көп ұлтты жасақтарды орналастыру”, - деген.

Президент Буш АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс бүгін Ливан дағдарысын реттеу үшін Таяу Шығысқа қайтадан барады деген. Буш пен Блэйр БҰҰ-ның жаулық қақтығыстарды жедел тоқтату туралы қарарымен келісетінін айтты.
XS
SM
MD
LG