Accessibility links

Әзірбайжан прокуратурасы оппозициялық басылымның редакторын өлтіруге бұрынғы министр тапсырыс берген деп отыр


БАКУ: Әзірбайжанның Бас прокуроры Закир Қараловтың кеше мәлімдегеніндей, 2005-інші жылы оппозициялық журнал редакторының кісі қолынан қаза болуына бұрынғы экономика министрі Фархад Әлиевтің тікелей қатысы болған. Бірақ Бас прокурор Фархад Әлиевке ресми түрде айып тағылатынын және нақты қашан тағылатынын айтпады. Сейсенбі күні прокурор Қаралов кісі өлтірген қылмыскердің оппозициялық журналдың редакторы Эльмар Гусеиновты Әлиевтің тапсыры бойынша өлтіргенін мойындауы “қылмыстық істің құрамдас бөлігі ретінде тергелетінін” ғана айтты.
XS
SM
MD
LG