Прага конференциясында дүниежүзі астроном ғалымдары келесі аптада бір шешімге келсе, Күн жүйесіне жаңа планеталардың атаулары қосылуы мүмкін. Жалпы, "планета" деген сөз - гректің сөзі, мағнасы қазақтың "жолаушы" сөзіне жақын. Жұлдыздар аспанда қозғалусыз тұрады десек, планеталар жұлдыздарды айналып жүреді. Әзірше Күн жүйесінде тоғыз планета бар деп есептеледі. Тоғызыншы планета – Плутон, және де Плутон планета деп осыдан 70 жыл бұрын ғана танылған. Плутон "тоғызыншы планета" деп те аталады.
Алайда Күн жүйесінде соңғы жылдары тағы бірнеше объектілер ашылды, оларды қай категорияға жатқызу мәселесін ашып алатын уақыт келді. Жаңа объектілердің көлемі Плутондікімен салыстыруға келетіндей, кейде Плутонның көлемінен асып кетеді. Сонда оларды да планета деп тану керек пе?
Халықаралық астрономия одағы планеталарды белгілеу комитетінің төрағасы Оуен Гинджерих планета деп танылу үшін объект жұлдызды айналып жүру керек, объектің өзі жұлдыз болмаса да сферикалық формаға келу үшін оның көлемі жеткілікті үлкен болу керек дейді:
- Мұнда маңызды ғылыми тұжырымдама жасалмақ. Басты орынға нысананың физикалық табиғаты шығып отыр. Планетаны домалақ формаға айналдыру үшін объекті соншалықты үлкен бе, гравитациялық күші жеткілікті ме деген өлшем қарастырылып жатыр.
Плутонның өзін кейбір ғалымдар планета деп мойындамайды, ал енді көлемдері Плутоннан кем емес объектілер ашылып жатса оларды планета деп тану орынды бола ма, жоқ па? Міне осы мәселеде ғалымдар "плутондар" деген категорияны еңгізуді ұсынады. Яғни дәл қазір Күн жүйесінде сегіз планета бар деп есептелсе, қалған үлкен объектілерге, яғни "тоғызыншы планета" Плутонға ұқсас объектілерге "плутондар" деген категория берілсе жөн, - дейді Оуен Гинджерих:
- Қазір сегіз классикалық планета бар деп айтып отырмыз. Бұлар – Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун. Және плутон деген категория бар, бұл жаңадан бой алып жатқан категория.
Міне, астрономдар конференциясында "планета" категориясына "плутон" категориясын қосу ұсынылып отыр. Жалпы, Күн жүйесінде қазір нақты сегіз планета бар және оларға Плутон "тоғызыншы планета" боп қосылады. Осы тоғыз планета қатарына үш жаңа планета қосылуы ықтимал, бұлар соңғы жылдары ашылған Ксена, Шарон және Церес объектілері. Сонда жақын уақытта Күн жүйесі планеталарының қатары он екіге жетпек. Ал бұлардың сыртында тағы "плутондар" пайда болмақ. Алайда, дейді Халықаралық астрономия одағы планеталарды белгілеу комитетінің төрағасы Оуен Гинджерих, мектептегі балалардың басына Күн жүйесінде 12 планета бар деп қатып қалған түсінікті құюға болмайды. Себебі плутон деп танылғандардың саны келесі жылы өсе түспек. Ең дұрысы балаларды оқытқанда "Күн жүйесінде сегіз планета бар, олардың сыртында плутондар бар" деп оқытқан дұрыс, - дейді ғалым Оуен Гинджерих.