ТЕҺРАН: Алдағы апталардың бірінде БҰҰ-ының Бас хатшысы К.Аннан Теһранға сапармен келуге тиіс. Ол туралы бүгін Иранның сыртқы істер министрлігі хабарлады. Оның барысында Иранның даулы ядролық бағдарламасы талқылануға тиіс. БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі Ираннан уран шикізатын байыту жұмысын тоқтатуды талап етуде. Бірақ бүгін Иранның сыртқы істер министрлігі уранды байыту жұмысының тоқтамайтынын мәлімдеді. Ресми Теһранның өзі белгілеген 22-нші тамыз күні Иран халықаралық қоғамның экономикалық ұсыныстарына жауап қайыруға тиіс.