Батыс Жағалауда "Ислам жихады" жауынгерлік тобының басшысы Хосам Жарадатқа оқ атылып, ол қатты жарақат алды делініп жатыр. Аурухана өкілдері Хосам Жарадатты Израиль сарбаздары атты дейді. Дегенмен, "Ислам жихады" оқиғаға Израильдің қатысы болмауы мүмкін деді, Ассошейтед пресс агенттігінің мәліметіне қарағанда. Израиль әскері мәліметтерді тексеріп жатырмыз дейді.