Accessibility links

 
Ауғаныстандағы қақтығыстардан кемінде 20 адам құрбан болды

Ауғаныстандағы қақтығыстардан кемінде 20 адам құрбан болды


Ауғаныстан полициясының хабарлауынша, өткен түнде талибандықтар Хелманд провинциясындағы бір қалаға шабуыл жасаған. Қақтығыс барысында 16 соғысушы мен 3 полиция қызметкері қаза тапқан. Ал көршілес Қандағар провинциясында НАТО ұшақтары абайсызда бір канадалық жауынгерді өлтірді деп хабарланып отыр. Сонымен қатар, бүгін Кабулда орын алған жарылыстан 4 Ауған азаматы мен бір британдық жауынгер қаза тапты.
XS
SM
MD
LG