НАТО бас хатшысы Йаап де Хоп Схеффердің айтуынша, Атлантикалық одақ Ауғанстанның оңтүстігіндегі талибтердің бүлікшілдік әрекетіне қарсы тұра алады. НАТО енді АҚШ жетекшілігіндегі күштердің шығыстағы міндеттерін өз мойнына алады, дейді хатшы. Схеффер бұл жөнінде өзінің 3 күндік сапары кезінде Ауған парламенті алдында айтты.