БАҒДАД: Бүгін Ирақтың экс-диктаторы С.Хусеиннің қылмыстық ісін қарайтын сот бейсенбіге дейін үзіліс жариялады. Осы күні С.Хусеиннің күрдтерге қарсы геноцид саясатын жүргізген қылмысты ісін қарайтын сотта бас айыптаушы судьядан сот төрағалығынан кетуін талап етті. Бас прокурор судьяны экс-диктатор мен сыбайластарына бейтарап қарамайды деп айыптады. Сот отырысы барысында прокурор Мұнқиз Әл-Фарун судья Абдулла Әл-Әмириге “сот мәжілісін айыпталушылардың саяси мінберіне айналдырды” деп айқайлады. Әл-Әмири сот төрағалығынан кетпейтінін мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады