ГРОЗНЫЙ: Ингушетия мен Чешенстан шекарасында ингуш милициясы мен чешен милициясының арнаулы бөлімі арасында атыс болып, 4 адам оққа ұшты және 15 адам жараланды. Чешенстан ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, алдымен чешен милициясының тобына Ингушетия жағындағы жол күзеті бекетінен оқ жаудырылған. Ресей әскерінің Солтүстік Кавказдағы біріккен тобының штабынан хабарланғандай, чешен милициясы, жергілікті үкіметті құлақтандырмай-ақ Ингушетияда партизандардың ізіне түскен көрінеді.