Accessibility links

Мәскеуде Орталық банк төрағасының орынбасары жараланды


Ресейдің орталық банк төрағасының бірінші орынбасары Мәскеуде оған атылған оқтан қатты жараланды. Мәскеу прокуратурасының баспасөз-хатшысының хабарлауынша, Андрей Козлов ауыр халде ауруханаға түскен. Хабарларға қарағанда, Козлов пен оның жүргізушісіне шабуыл жасаған екі адам қашып кеткен. Атыс нәтижесінде Козловтың жүргізушісі қаза тапқан. Мәскеу полициясы шабуыл жасаған кісілерді іздеп жатыр деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG