Халықаралық қаржы қорының биылғы жылғы басқосуы ресми түрде сейсенбі, қыркүйектің 19-ы күні, Сингапурде басталды. Қорға мүше 184 елдің өкілдері сейсенбі күні Қытай сияқты алып елдің дауыс беру хұқын арттыруға шешім қабылдады. Мұның өзі Қаржы қорындағы Батыс елдерінің дәстүрлі түрдегі басымдығын азайтатын болды. Әлемде экономикасы жағынан, Құрама Штаттары және Жапониядан кейінгі үшінші орында болғандығына қарамастан бұған дейін Бельгиямен салыстырғанда Қытайдың дауыс беру хұқы аздау болатын. Жоспарланып отырған реформа Қытайдың мүшелік жарнасын көтеретін болады. Ал, мұның өзі Қытайдың дауыс берудегі хұқын өз-өзінен арттырмақшы. Дегенмен, Бежіңнің қанша дауысқа ие болатындығы әзірге белгісіз. Түркия, Мексика және Оңтүстік Корея елдері аталған реформалардан дәл осындай пайда көрмекші. Келесі 2008-ші жылғы кезекте Үндістан мен Бразилияға да дауыс беру хұқында басымдылық ұсынылмақшы.
Жюбли Дет науқаны тобының басшысы Триша Роджерс «Азаттық» радиосына былай деді:
- Қаржы қоры экономикалық саясат шарттарын белгілеуі керек, деп біз ойламаймыз. Біздің ойымызша, мұнда қаржылық жауапкершілік және өз халқы алдында жауап беретін үкіметтер ісінің айқындығы қажет. Қаржы қоры жекешелендіру мен сауданы ырықсыздандыру жағдайларын айқындауы керек, деп те ойламаймыз.
Дей тұрғанмен, Қытай және басқа да дамушы елдерге, қаржы қорында көп дауыстың берілуі аталған елдерді әлемдік экономика үдерісіне тиімді түрде жалғастыру екендігі байқалады. Мысалы, Батыс ресми өкілдері, оның ішінде Құрама Штаттары қаржы хатшысы Хенри Паулсон кедей елдерге қайтарылуы күрделі қарыз беруден сақ болуды ескертіп отыр. Ол елдердің ресми қарыздарын таяуда ғана халықаралық қауымдастық кешірген болатын. Паулсон мырза ондай қарыз берген елдерді атай қойған жоқ. Осындай қарыздарды Қытайдың беріп отырғаны айқын. Ол қарыздардың қайтарылу деңгейін айқындамау және қарыз алушы елден реформалар жүргізуді талап етпеу келісілсе керек.
Әлемдік банк басшысы Пол Волфовицтің айтуынша, қарызы онсыз да көп ол елдердің абайламай қарыз алуынан және қайтадан қарызға батуынан сақтандыру - басты проблема.
- Бүгін таңертең Нигерия Қаржы министрі айтқандай, кедейлік күтіп тұрмайды. Кедей адамдар қаза болуда. Егер уәде еткен көмектерін жеткізуде бай елдер самарқаулық танытса, онда кедей елдер қаржы көмектерін көрсететін басқа да бұлақтарды іздей бастайды, әрине, - деді Жюбили тобының директоры Триша Рожерс.
Алайда қарызға алынған ақшаны орынсыз жұмсау мен оған байланысты сыбайласқан жемқорлық ең басты проблема ретінде қалып отыр. Сондықтан қарызға берген ақшасының қалай жұмсалатындығын сұрамастан Қытай елінің қарыз беруі тағы да сол сыбайлас жемқорлар қалтасын толтыратын түрі бар.