Accessibility links

Мажарстан үкіметінің ұсынысын ел оппозициясы қабылдамады


Мажарстанның оппозициялық партиялары елдегі үкіметке қарсы шерулерге байланысты үкімет ұсынған келіссөздерден бас тартты. Наразылық танытушылар елдің премьер-министрі Ференц Дюрчанидің орнынан кетуін талап еткен. Олар оны сәуір айындағы сайлауларда жеңіске жету үшін өтірік айтты дейді. Өткен түнде және бүгін таңертең 10 мың адам Будапеш орталығына жиналып, наразылық акцияларын жалғастырды. Онда бірнеше адам жараланған.
XS
SM
MD
LG