ОТТАВА: Бүгін Ауғанстан президенті Хамид Қарзайдың Оттаваға мемлекеттік сапары басталады. 3 күндік сапарының барысында ол Ауғанстанда құрбан болған Канада жауынгерлерінің туыстарына көңіл айтуға тиіс. Шенеунектердің хабарлауынша, бүгін Канада парламентінде сөйлейтін сөзінде Х.Қарзай Ауғанстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен елді қалпына келтіруге көмек беру үшін Канада әскерінің елде қала беруін өтінбекші. Сондай-ақ ауған лидері Ауғанстанда қаза болған канадалық 36 жауынгердің кейбірінің отбасымен кездесуге тиіс.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады