Accessibility links

БҰҰ: “Женева конвенциясын не Ирақ үкіметі, не бүлікшілер орындамайды”


ЖЕНЕВА: Осы күні Ирақта қинап-жәбірлеу амалдарын С.Хусеиннің дәуірінен де көп қолданатын тәрізді. Кеше Женева қаласында осылай деп мәлімдеген БҰҰ-ының аталған проблемамен айналысатын арнаулы өкілі Манфред Новак түрлі елде қинап-жәбірлеу амалдарын қаншалықты қолданатыны туралы өзінің есебін БҰҰ-ының адам құқықтары бойынша Кеңесіне беретінін хабарлады. Оның айтуынша, тұтқындарға байланысты халықаралық ережелерді Ирақта не үкімет күштері, не көтерілісшілер орындамайды.
XS
SM
MD
LG