Accessibility links

Билік орындарында туыстары жайғасқан Қырғызстан президенті сын астында қалып отыр


Қырғыз президенті Құрманбек Бакиев билікке осыдан 18 ай бұрын келді. Шерушілердің ол жолғы әрекеттерін Батыс елдері “халық тілегінің жеңісі, демократия қадамдары” деп бағалаған еді. Алайда, Бакиев қазір сын астында қалып отыр. Билік тұтқаларына өз туыстарын қою ісінде ол қызметтен кеткен Асқар Ақаевтан да асып кетті, деген пікір айтылуда.

Қыркүйектің 21-і күні құрылған Қырғыз парламентінің арнайы комиссиясы оппозиция басшысы жүгіне героинді салуға елдің Қауіпсіздік қызметі тікелей араласқан, деген тұжырымға келді. Ол саясаткер қыркүйектің 6-да Польшаға ұшып келгенде кеден қызметі оны есірткінің табылуына байлансты тоқтатқан. Есірткіні Өмірбек Текебаевтің жүгіне салып жіберуге Қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары Жаныш Бакиев бұйрық берген, деп комиссия тарапынан айып тағылуда. Президенттің Жаныштан басқа екі бауыры- Марат пен Әділдің шетелдердегі елшіліктерде жұмыс істейтіні де белгілі болды. Ал, Ахмат Бакиев болса кәсіпкер екен.

2005-ші жылдың ақпан-наурыз айларында шерушілер болса, сайлаулар әділетсіз өтті, деп наразылық танытқан болатын. Яғни сол кездегі президент Асқар Ақаевтің бір ұл, бір қызының сайлауға түсіп, жеңіп шыққандары айтылған еді. Сондай-ақ Ақаевтің әйелі Мариямның елдегі ірі қайырымдылық қорын басқарғаны айтылып және күйеуі арқылы ел билігіне араласады, делінген еді.

Бұл жолы президент Құрманбек Бакиев оппозиция жетекшісі Текебаев ісіне байланысты парламент алдында сөйлеген сөзінде: “ел мүддесін өз отбасымның мүддесінен жоғары қойған емеспін және қоймаймын да”, деді.

Қыркүйектің 22-сі күні депутаттар Жаныш Бакиев ісіне байланысты зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ Марат және Әділ Бакиевтерді Германиядағы елші қызметі мен Қытайдағы елшілік қызметінен кері шақырып алуға ұсыныс жасады.

Аарон Родес Венада орналасқан халықаралық Адам хұқықтарын қорғау бойынша Хелсинки федерацияның атқарушы директоры.

“Хелсинки федерациясы Қырғызстанда қайтадан тұрақсыздық орнай ма, деп алаңдауда. Оның кейбір себептері президент Ақаев кезінде болған еді. Бұл жерде билікті туыстарына бөліп беру ісі кең тарап отыр. Аталған құбылыс бұрынғы билік тұсындағыдан да қазір өршіп кеткен”, - деді Родес мырза.

Кейбір депутаттар секілді оппозициядағы Асаба партиясының басшысы Әзімбек Бекназаров та дипломаттық істерден Бакиевтердің кері шақырылуын ұсынуда.

Ауыл әкімі болып отырған Қаныбек Бакиевті әзірге ешкім ауызға ала қойған жоқ. Өткен онжылдықта Қырғызстан Орта Азиядағы демократия бесігіндей бағаланатын. Елдегі қазіргі жағдай сондықтан да үлкен алаңдаушылық туындатуда.
XS
SM
MD
LG