Косоводағы 2 млн-дай албандар бұрынғы Югославиядан негізгі мұрагер болып қалған Сербиядан тәуелсіздік талап етіп келе жатқанына бірнеше жыл болып қалды. Ал жарты жылдай бұрын халықтық референдум нәтижесінде Сербиядан Черногори республикасы бөлініп шыққан болатын.
Әрине, Сербия енді Косовоның да жікшілдік әрекетіне қарсы күресіп бақты. Бірақ басталып кеткен халықаралық келіссөздерден байқалғанындай, Косовоға да тәуелсіздік мәртебесі бұйыратын сықылды.
Сонымен, Косовоның ондай мәртебесінің Грузияның аумақтық біртұтастығына кері әсерін тигізетінін ЕуроОдақтың сыртқы саясат басшысы мойындап отырғандай.
Солана бұл прецедент, Грузия үшін жаман, ал Оңтүстік Оссетия мен Абхазия үшін жақсы үлгі болып тұр екен. Бұл жөнінде Солана:
- Біз де, президент Саакашвили де тығырыққа тіреліп тұрмыз. Косоводағы жағдай біреуге қолайлы болғанымен, басқа біреуге соққы болып тұр. Екі тарапқа да ұтымды шешімге келу өте қиын болып тұр, - дейді.
АҚШ пен ЕуроОдақ Косовоның тәуелсіздік алуына сенімді екен. Ал Ресей Косово тәуелсіздік ала қалса Оңтүстік Осетия мен Абхазияны Грузиядан жедел бөлінүін қолдайын-ақ деп тұрғандай. Бұл арада Грузия мен Ресей арасындағы саяси ахуал барынша нашарлап тұр. Тбилисиде қыркүйектің 27-сінде 4 орыс офицері шпиондықта айыпталып тұтқындалғаннан кейін Мәскеу Грузия бағытындағы барлық көлік және пошта байланысын тоқтатып тастады.
Хавиер Солананың айтуынша, ЕуроОдақ Грузияның аумақтық біртұтастығы үшін өз қолдауын жалғастыра бермек.
Солананың айтуынша, президент Саакашвили Оңтүстік Осетия бойынша келіссөздердің формасына көңілі тоймайды екен. Себебі, оған Ресей араласып отыр. Оның үстіне Солтүстік Оссетия мәселесі тағы бар. Саакашвили Молдоводағы Днестр аймағы елі бойынша келіссөздер сықылды Қапқаздағы бұл аумақтық мәселеге ЕуроОдақ пен АҚШтың бақылаушы ретінде қатысқандығын қалайды екен.
Бірақ Солананың пікірінше, Молдово үлгісін Грузияда қолдану өте қиын көрінеді. Сондай-ақ, Саакашвилидің бітімгерлік күштерін жіберу жөніндегі өтінішін де ЕуроОдақ шеше алмапты. Ондай шара Ресейдің ашу-ызасын қозғайтындығын батыс елдері жақсы түсінеді, дейді Солана.
– Қазіргі кезде біз Грузияның қауіпсіздігі үшін не қажет екендігін білуіміз керек. Бірақ ол нәрсе әзірше ЕуроОдақтың бейбітшілік күшімен шешілмейді. Мен мұны Саакашвилиге де айттым, - дейді Солана.
Бірақ Хавиер Солана, ЕуроОдақ Грузиядағы дағдарысты алдағы кезде де Мәскеу және Тбилисимен өзара талқылай бермек дегенімен, ол мәселенің шешімі қалай болатындығын айтпаған.