Accessibility links

Лондонда Ирандағы ядролық бағдарлама бойынша алты елдің кеңесі өтті


Алты беделді ел - Британия, Франция, Қытай, Ресей, Германия және АҚШ Ирандағы ядролық бағдарламаға байланысты БҰҰ-ның ықтималды санкциясы жөнінде кеңесті. Алты ел өкілдері Лондонда қазанның 6-күні кешке бұл мәселені талқылады. Бұл орайда Британия сыртқы істері министрі Бекет:

- Венада маусымда кездескенде, Иранның ядролық бағдарламасын шешудің 2 жолы бар екендігін айтқан болатынбыз. Бірақ Иран біз қалаған жолға келіспеді. Дегенмен біз әлі де болса бұл мәселені келіссөздер арқылы шешкіміз келеді, - деді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қарарының 41-бабына орай қойылған шарт орындалмаса Иранға экономикалық немесе дипломатиялық санкция жариялануы мүмкін, бірақ әскери күш қолдануға болмайды. Иран келіссөзге қарсы емес, бірақ уран байытуын тоқтатпақ емес.
XS
SM
MD
LG