МӘСКЕУ: Бүгін Ресейдің 9 облыс-аймағында жергілікті парламент сайлауы өтіп жатыр. Қоғамдық сауалнама қорытындысына қарағанда, бұл сайлау 2008-інші жылғы президент сайлауы алдындағы ресми биліктің абыройын-беделінің жайын көрсетуге тиіс. Президент В.Путинді қолдайтын “Единая Россия” партиясы мен басқа да “билікшіл” партиялар басым дауысқа ие болатын сияқты. Сайлаудың бастапқы қорытындысы дүйсенбі күні мәлім болады.