Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, Жер бетінде 400 миллион адам жан ауыруларымен ауырады. 150 миллион адам күйзелістен зардап шексе, 60 миллион адамның ақыл-ойы кеміс. Қазақстандық мамандар, тұрғындардың арасында да бұл проблеманың өзекті екенін айтып отыр. Алматы мемлекеттік дәрігерлердің біліктілігін көтеру институты психиатрия, психиотерапия және наркология кафедрасының профессоры Белгібай Амангелдіұлы, Азаттық радиосына берген сұхбатында былай деді:
«Біздің Қазақстанда бүкіл халықтың 10 пайызының жан саулығы төмен, 14 пайызында психологиялық денсаулық нашар. Біздің халқымыздың 10 пайызына психотерапиялық көмек керек».
Ал, медицина ғылымдарының докторы Құдиярова Ғалия психологиялық аурулардың арасында маскүнемдік пен нашақорлық секілді әлеуметтік дерттің өршіп отырғанына алаңдаушылық білдіреді:
«Маскүнемдікке салынғандардың қазір саны соншама көп, әйелдің саны еркектің санына жетті, сосын, жас балалар ішетін болды. Біздің қазір қоғамымызда нашақорлық үлкен проблемаға айналды».
Профессор Белгібай Амангелдіұлы, Қазақстанның бірқатар аймақтарында адамның өз-өзіне қол жұмсауы артып отырғанын айтып, бұған әлеуметтік жағдайдан туындаған рухани күйзеліс себеп деген тұжырым жасайды.
«Солтүстік жақта көрсеткіш жоғары, сосын тағы басқа сол жақтағы облыстарда биік. Ең көп өздеріне қол жұмсайтындар жас адамдар. 15-30 жас аралығында. Ол адамның рухани байлығына байланысты, әлеуметтік-психологиялық факторға».
Психиатр мамандар қоғамдағы адамдардың рухани жан дүниесі сау болуы үшін, әлеуметтік деңгеймен қатар, отбасындағы тәрбие мықты болуы керек дейді. Ал, профессор Белгібай Амангелдіұлы осы салада мемлекетте бұғанға дейін қабылданған жарлықтардың орындалмай отырғанын алға тартады:
«Психотерапия туралы 1997 жылғы 27 наурызда қабылданған Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бар, бірақ, ол орындалмайды, әрбір емханада бір психотерапевт болуы керек, кезінде ақша жетпейді деп штат қысқартылған, сол әлі енгізілмеді. Көмек жетпей жатыр, мамандар саны жетпей жатыр».
Қазақстандық дәрігерлер бұл мәселеге үкімет назарын аудару үшін, 2007 жылды «Психологиялық денсаулық жыл деп» жариялауды жоспарлап отыр.