Еуропалық комиссияның «Қазақстандағы адам құқықтарын халықаралық стандарттарға жақындату» жобасының жетекшісі испан омбудсмені Хосе Мануэльдің айтуынша, омбудсменді парламент көп дауыспен сайлануы керек және ол белгілі адам болғаны жөн.
Испанияның халық қорғаушысы өз елінде шағымдардың 70 пайызы қанағаттандырылатынын айтады. Ал, қазақстандық уәкіл жыл ішінде барлық шағымдардың тек 20-30 пайызын қанағаттандырған. Испан омбудсмені Хосе Мануэль, ең әуелі омбудсменге жеткілікті көлемде бюджет керектігін айтады.
Қазір Қазақстанда жүрген Испанияның халық қорғаушысы Антонио Мороның айтуынша, көптеген елдерде омбудсмендер тек кеңес берумен шектеледі. Бірақ, Еуропа омбудсмендерінің ұсыныстарына құлақ аспаған үкімет жұмысы кем болып есептеледі, дейді ол. Салыстыратын болсақ, Қазақстандағы омбудсмен осыдан 4,5 жыл бұрын дүниеге келген. Жылдық бюджеті 30 миллион теңгеден аспайды. Оның сыртында жергілікті омбудсменнің құзіреті тек кеңес берумен шектеледі деп хабарланып отыр. Қазақстандағы Адам құқығы жөніндегі ұлттық орталық жетекшісі Вячеслав Калюжныйдың айтуынша, Испания омбудсменінің штатында 140 адам болса, Грекияда 170 адам бар екен.
- Бізде әр министрліктің өзінде мұндай үлкен штат жоқ. Бізде барлығы 15 адам, ал осындай кішкентай штатпен мұндай үлкен елде біз не істей аламыз?, - дейді Калюжный.
Бірақ, Калюжный өздерінің Еуропадан үлгі алып жатқанын айтады.
- Әдетте шағымдар бойынша біз мемлекеттік органдарға 2-3 сауал жолдаумен шектелгенбіз, ал Испанияда 10 органға сауал жолданатындығын білген соң біз олардың тәжірибесін алып жатырмыз, - дейді Калюжный.
Бірақ, Калюжныйдың айтуынша, омбудсмен заң бұзушылықтары болса да кейбір жоғары лауазымды шенеуніктерге тиіспейді. Ал, Қазақстанның Конституциялық кеңесінің мүшесі заңгер Хабылсаят Әбішев, Қазақстанға уақыт керек деп отыр:
- Адам құқығы 100 пайыз қорғалып, адамдардың барлық құқығы қорғалып жатыр десек, бұл әбестік болады. Адам құқығын қорғау мәселесі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған. Кеңес одағы кезінде болған жоқ. Қазақстан дамытып жатыр бұны.
Еуропалық комиссияның Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы өкілі Режин Руаның айтуынша, жергілікті омбудсмен бюджеті шектеулі және әзірге ол Еуропа одағындағы омбудсменге жеткен жоқ.
- Ондағы омбудсменнің парламенттік өкілі ретіндегі қызметі бар және ол тәуелсіз, - дейді Еуропалық комиссия өкілі.
Еуропада 92 омбудсмен институты бар.
- Біз Қазақстандағы адам құқықтары саласындағы жұмысты халықаралық стандарттарға жақындатқымыз келеді, - дейді Режин Руа.
Оның айтуынша, Еуропада омбудсмен парламенттің күшімен құрылған. Бұл адам құқығымен айналысып жүрген адамдардың тәуелсіздігін көбейтеді, дейді ЕуроОдақ өкілі.
Еуропалық комиссияның «Қазақстандағы адам құқықтарын халықаралық стандарттарға жақындату» жобасы биылғы жылы ақпан айында басталған, бұл жоба осы жылғы желтоқсанда аяқталады.