Қытай Солтүстік Кореяны БҰҰ-ның санкцияларынан кейінгі шиеленісті жағдайды одан сайын ушықтырмауға шақырды. Қытай Пхеньянның ядролық бағдарламасына қатысты мәселенің диалог арқылы шешілетініне үміт білдірді. Солтүстік Корея БҰҰ санкцияларын өз еліне жарияланған соғыс ретінде қарап, егер кімде-кім Пхеньянға шабуылдайтын болса, оған қарсы “аяусыз соққы” беретінін ескертті. Солтүстік Корея Сыртқы істер министрлігі АҚШ әрекеттерін қадағалап отырғанын және осыған байланысты тиісті шара қолданатынын мәлімдеді. Хабарларға қарағанда, Солтүстік Корея екінші рет ядролық сынақ өткізуге әзірленіп жатқан болуы мүмкін.
Қытай Пхеньянның ядролық бағдарламасына қатысты мәселенің диалог арқылы шешілетініне үміт білдірді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады