Ресей президенті В.Путин Евродақпен энергия саласындағы ынтымақтастық тараптардың екіжақты жауапкершілігі мен бағыттардың айқындылығына негізделуі қажет деп атап көрсетті. Ол мұны Финляндияның Лахти қаласындағы Евродақ саммитінен кейінгі баспасөз-мәслихатында сөйлеген сөзінде айтты. Евродақ мұндай әріптестік ашықтық пен заңдарды басшылыққа алуды қажет етеді дейді.