Алматылықтар «Рамстор» сынды гипермаркет сауда кешендері ашылған жылдары алғашқыда таң қалысып еді, енді мына «Мега сауда» кешеніне де таңырқаумен бірге қызыға қарайтындай.
Қазанның 25-күні салтанатпен ашылған кешенде адам ығы-жығы. Жиналған жұрт осы «Мега сауда» кешеннің ашылу салтанатын көргісі келсе, екінші жағынан мұндай дүкендердің ашылу салтанатында саудағы түсетін тауарлардың аздап болса да арзан болатынын көпшілік біліп те алған. Оған қоса «Мега сауда» кешенінің ашылатыны туралы жарнамалар бір ай бойы жергілікті теле-, радиоларды айтпағанда, газет беттерін, көшелерде қаптап кетіп еді. Дегенмен көпшілік осындай сауда кешендерінің ашылуына қалай қарайды екен деген оймен алматылықтардан пікір сұраған едік.
- Ал менің өзіме мынадай сән мен салтанатты тамашалау еш нәрсе сатып алмасаң да өзінше бір ғанибет сияқты көрінді. Зәулім дүкен ғимаратының ортасында фонтандар атқылап, музыка ойнап тұрса, оны жағалап адамдар тынығып отырса, шатырға құлаш сермеп пальмалар тұрса... керемет екен.
Кешеннің маркетинг департаментінің директоры Сино Ализаде мақтауын одан да асырып жіберді.
- Біздің сауда кешеніміз Орта Азиядағы ең ірі сауда кешені. Аумағы 80 мың шаршы метр, ол шамамен 11 футбол алаңының аумағындай. Бұл орталықта ең үлкен мұз айдыны, ең үлкен 8 залдық кинотеатр, жабық ғимараттағы ең биікке атқылайтын фонтан, ең үлкен гипермаркет, балалар паркі, жабық жағыдайдағы скалодром – жарға өрмелеп жаттығу алаңы , 1000 аутокөлік тұратын аутотұрақ, т.б. толып жатқан артықшылықтары бар. Жай күндері бұл сауда кешені күніне 30 мыңнан астам адамға қызмет көрсете алады. Мұнда әлемнің 100-ден астам танымал брендтері өз тауарларымен сауда жасайды» - дейді Сино мырза.
Ал енді осындай сауда кешендерінің қажеттігі неден туындап отыр дегенге келсек, Сино мырза былай деп түсіндіреді:
- Әлемдік тәжірибеде қоғамның даму көрсеткіші ретінде сауда жүйесінің дамуы алынған. Сол тұрғыдан алғанда мұндай кешендер Қазақстанның даму деңгейін көтеру үшін де қажет. Қазір біз көше бойын жағалай қалай болса, солай орналасқан сауда орындары уақытынан өтіп, өркениетті сауда кешендеріне бет алып отырмыз деуге болады. Баға да базардағыдан арзан болады деп күтеміз, себебі, әлемдік сауда брендтері өз тауарларымен ортадағы делдалсыз тіке саудаға шығады.
Ал осы кешеннің жарнамашысы Сәуле Әмірбекова мұндай кешен алдағы уақытта Қазақстанның бірнеше қаласында ашылатынын айтады.
- Қазақстанда әзірге әлемдік деңгейдегі сауда кешені жоқ болатын. Бұл кешен сондай деңгейдегі кешен болмақ. Қазақстандық «Astana Group» компаниясы осыны ескеріп осындай кешендерді тағы бірнеше жерде салуды ұйғарып отыр. 2007 жылы Астана мен Шымкентте де осындай кешендер ашпақпыз, - дейді Сәуле ханым.
Алматылда ашылған жаңа кешеннің құны 70 миллион АҚШ доллары тұрса, ол қаржыны «Халық банк» несие түрінде бөліпті. Кешеннің жоспарын мәскеулік мамандар жасаған, басқару жүйесін немістер алыпты, себебі, олардың әлемдегі 80 осындай кешендерді басқару тәжірибесі бар екен. Мамандар кешенді салу барысында оны 8-9 баллдық жер сілкіну сынағынан да өткізгенін айтады.