Accessibility links

Халықаралық энергия агенттігі атомдық қуаттан молырек пайдалануды ұсынады


Париждегі халықаралық энергия агенттігі қарашаның 7сінде жариялаған баяндамада, соңғы 32 жылда алғаш рет, табиғаттағы кен байлығынан алынатын энергияға қосымша балама ретінде атомдық қуаттан кеңірек пайдалануға болар деген ұсыныс жасап отыр.

Оған себеп, мұнай-газдан алынатын жанар-жағармай кесірінен әлемдік атмосфера жылылануға бет алып отыр.

Ал бұл ұсыныс жөнінде энергия саласындағы сарапшы мамандардың көзқарасы қалай ?

Бұл мәселеге орай Азаттық радиосының тілшісінің АҚШтағы ядролық үйлесім комиссиясының бұрынғы мүшесі Петер Брандфорд мырзамен өткізілген сұхбатында төмендегі жауаптар беріліпті.

Сұрақ: Брадфорд мырза, кезіндегі Украинадағы Чернобыль ядролық стансасын алмастыру жөнінде Еуропа қайта құру және даму Банкына кеңесшілік жасаған сарапшы ретінде Франция, Үндістан, Қытай және АҚШтағы ядролық энергияға деген үлкен ықылас-ынталық талпынысқа көзқарасыңыз қандай ?

Жауап: Әзірше атомдық энергия шығаратын жаңа бекеттер салуға кірісейік, деген әлемдік ниет байқалмайды. Еуропада 173, ал бүкіл әлемде қазірдің өзінде 440 атомдық энергия бекеті жұмыс істеп отырғандығыныа қарамай, жаппай атомдық қуат жасауға кірістік деген ой тумауы керек. Мысалы, АҚШта соңғы 30 жылда бір де бір атомдық станса салынбады. Ал, Еуропада тек қана Финляндияда ғана жаңа станса дүниеге келді.

Сұрақ: Дамыған 8дік ел тобы өткен жазда Халықаралық энергия агенттігі әлемдік жылылануды тоқтату үшін балама ретінде ядролық қуаттан пайдалануды ұсынды. Ал бұл арада, Батыс Ирандағы ядролық бағдарламаға барынша қарсы болып дауласып жатыр. Бұл орайда не дер едіңіз?

Жауап: Рас, парник газының салдарына, дәлірегі әлемдік жылылануға қарсы шара ретінде Халықаралық энергия агенттігі жаңа қосымша атомдық қуат бекеттерін салған жөн дейді? Ол үшін атомдық қуатты 3 есеге дейін көбейту қажет. Ал бұл үлкен шараның натижесінде ядролық қару жасап тарату деген үлкен қауіп те жоқ емес. Бұл арада ядролық қаруы жоқ елдерде ондай стансалар салынып жатса оның арты не болмақ, деген сұрақ тууы да белгілі ғой. Сондықтан менің пікірімше, мұнай-газ энергия жүесінен көмір тегін тазалап алу технологиясын жолға қою ең дұрыс жол болар еді. Бұл орайдаатомдық қуат балама ретінде қолданғанымен бірден басымдыққа ие болмағаны жөн шығар.

Сұрақ: Міне енді, Халықаралықэнергия агенттігінің бұл соңғы ұсынысына әлем елдері қалай қарар екен ?

Жауап: Белгілі жағдай, кейбір жаңа технологияны қолдану бойынша кей үкіметтер мен Халықаралық энергия агенттігінің жасаған әрекеттері сәтсіздікке ұшырады. Бұл әсіресе атомдық қуатқа тікелей байланысты. Ондай стансалар қажет, бірақ қауіпсіз емес. Ал олардың қауіпсіздігі үшін аса үлкен шаралар қажет. Кезінде, 1970-жылдары жасанды үкіметтік қысыммен, мұнай импортын кемейту мақсатында ядролық бекеттер салынды. Міне енді ауа-райының жылылануына қарсы тағы да ядролық станса қажет дейді. Ал бұл, АҚШ пен Британияның өзінде, экономикалық және қауіпсіздік саласындағы үлкен мәселеге айналып отыр.

Сұрақ: Сіздіңше, кей елдер атомдық қуат бекетін құруға ынталы болса, кей елдер оған неге ықыласты емес ?

Жауап: Бүкіл әлемде атомдық қуат бекетін салып бүкіл энергияға иеленіп алайын деген бәскелес ел жоқ. Ал атомдық қуат жолына түскен елдерде үкімет халықтың не қалайтындығын сұрап отырмайды. Сондықтан экономикалық, сондаяқ, саяси жағынан да бұл орайда ондай жоспарды мақұлдай салар деген пікір тумайды.

Сұрақ: АҚШта 1984-жылы 3 миль Аралындағы төтенше жағдай және 1986-жылы ол кездегі Советтік Украинада, Чернобыльда болған алапат апаттан кейін сақтық шарасы реттелді деуге келе ме?

Жауап: Қауіпсіздік шарасына келсек, Чернобыль жобасындағы атомдық бекет енді салынбайды. Барының өзі жабылуда. Бірақ ондай стансаның бір қатары әлі де болса жұмыс жасап жатқанымен, Чернобыльдағыдай апат қайталана қоймас деген үміт-сенім бар. Дегенмен, экономикалық мәселе күн тәртінінен түспей тұрған кезде жартылай бітпеген атомдық бекеттердің тағдырына да қауіп төніп отыр.

Сонда не істеу керек, деген сауалға, АҚШтық ядролық комиссияның бұрынғы мүшесі Петер Брадфорд:

– Украинадағы 12 ядролық блок энергетикалық қуаттың 60 пайызын шығарып келген болса, оның қуатын 80-85ға дейін көтеріп құрлымақ жаңа зауыттардың міндетін де соларға артуға болар еді, дейді АҚШтық сарапшы.

Үкімет аралық Халықаралық энергия агенттігі энергия саясатын өзара үйлестіретін ұйым. Агенттікке әлемдегі 26 мемлекет мүше болғанымен олардың арасында бұрынғы Советтік аймақтан бір де бір ел жоқ.
XS
SM
MD
LG