Конгрестің өкілдер палатасы қайта сайланады, сондай-ақ Сенаттың үштен бірі жаңарып, 36 штатта губернаторлар жаңадан сайланады. Бұл сайлау нәтижесінде демократтар республикандықтардан басым түсуден үмітті. Соңғы сәтке дейін екі партия өкілдері арасында бәсеке қатты жүрді, ондағы ең бір өзекті мәселе ретінде алға тартылған жайт - Ирақтағы соғыс болғаны белгілі. Бұған дейін Конгрестің қос палатасында да көпшілік орын республикандықтар үлесінде болып келді, демократтар енді ең болмаса палатаның бірін өз бақылауларына алуға талпынуда.