Еуропа одағы кеңесінің жариялаған мәлімдемесінде сондай-ақ Өзбек ресми өкілдеріне виза бермеу тиымы тағы алты айға созылады делінген. Өзбек үкіметі 2005-ші жылғы Әндіжан оқиғаларына халықаралық тексерудің жүргізілуіне рұқсат етпегеннен кейін бұл тиымдар салынған болатын.