Accessibility links

Бәрібір Тбилиси Мәскеумен арадағы барлық мәселесін келіссөз арқылы шешуді қалайды


ТБИЛИСИ: Кеше грузин премьер-министрі Зураб Ногайдели Грузиядан бөлінген Оңтүстік Осетиядағы жексенбі күнгі тәуелсіздік референдумын Кремльдің осы аймақтағы жікшілдікті қолдауға бағытталған стратегиясының құрамдас бөлігі деп бағалады. “Рейтер” агенттігіне берген сұхбатында Ногайдели Мәскеудің “Оңтүстік Осетия проблемасын Тбилиси қарудың күшімен шешуге ұмтылды” деген пікірін негізсіз деп бағалап, Ресейдің өзін “соғысқа дайындалып жатыр” деп айыптады. Бірақ, деп атап көрсетті грузин премьері, Ресеймен арадағы барлық мәселесін Тбилиси келіссөз арқылы шешуді қалайды.
XS
SM
MD
LG