Ресейлік ресми Ястржембскийдің айтуынша, Польшаның ЕуроОдақ пен Ресей арасындағы әріптестік жөніндегі келіссөздерге қарсылығы түсініксіз жағдай екен. Польша, дүйсенбі күні, ондай келіссөзге отырмастан бұрын Ресей халықаралық энергетикалық хартияны ратификациялауы, сондай-ақ, Польшаға келетін азық-түлікке енгізілген импорттық эмбаргоны алып тастауы керек деп мәлімдеді.