Бүгін АҚШ президенті Джордж Буш пен Ресей президенті Владимир Путинмен қысқаша келіссөз өткізу үшін Мәскеуге келді. Президент Буштың ұшағы Азияға сапары барысында Внуково әуежайында тоқтады. Екі ел президенттері кейін осы аптаның соңында Вьетнамда өтетін Азия-Тынық Мухиты саммитінде тағы да кездеседі деп күтілуде. Ресмилердің айтуынша, онда АҚШ пен Ресей арасында Ресейдің Дүниежүзілік Сауда ұйымына мүше болуына қатысты келісімге қол қойылуы мүмкін.