Accessibility links

Террористер биологиялық қаруға қол жеткізуге тырысуда


ЖЕНЕВА: Бүгін БҰҰ-ының Бас хатшысы К.Аннан дүние жүзі мемлекеттері биологиялық қаруға қарсы күресін күшейтуге тиіс деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, қылмыстық топтар мен террористердің биологиялық қаруға қол жеткізуге тырысуынан төнген қауіп-қатерге ерекше назар аудару керек. К.Аннан мұндай пікірін бүгін Женева қаласында өтіп жатқан халықаралық конференцияда айтты. Осыдан 5 жыл бұрын Америка Құрама Штаттары дәл осындай форумда биологиялық қаруға тыйым салу туралы халықаралық құжатқа қол қоюдан бас тартқан болатын.
XS
SM
MD
LG