ВАРШАВА: Бүгін Польшаның оңтүстігіндегі Руда Сласка көмір кенішіндегі сейсенбі күнгі метан газының жарылысынан 23 кеншінің қаза болғаны анықталды. Поляк президенті Лех Качиньский қаза болғандарды 2 күн аза тұту туралы жарлық шығарды. Сонымен қатар президент Качиньский Грузияға баратын сапарынан бас тартты. Кеншілер метан газы жарылған кезде, температураның күрт көтерілуінен қаза тапқанға ұқсайды. Полиция мен тергеушілер кеніштегі жарылыстың себептерін тергеуге кірісті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады