Accessibility links

Әзірбайжан билігі тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарын қудалауын жалғастыруда


Әзірбайжан билігі елдегі жетекші оппозициялық партия мен басылымды кеңселерінен қуып шығарды. Бүгін полиция қызметкерлері оппозициялық Азадлығ газеті мен Халық Майданы партиясының заттары мен жабдықтарын кеңселерінен шығарып тастады. Билік орындары, сондай-ақ, тәуелсіз ANS телерадиокомпаниясының әуеге шығуына рұқсат бермеген болатын. Ал жұма күні олар Азадлығ басылымының жақын арада жабылатынын ескертті. АҚШ-тың радиохабарлар тарату басқармасы Әзірбайжан билігінің елдегі тәуелсіз телерадиокомпанияны аяқ астынан мәжбүрлі түрде жабу туралы шешім жасағанына алаңдаушылық танытты.
XS
SM
MD
LG