Accessibility links

Израйль мен Палестина басшылары Газа аймағында атыстарды тоқтатуға уағдаласты


Бұл іс бейбіт үдерістерді қайта жандандыруға көмектеседі, деген еді Израйль үкімет басшысы Ехуд Олмерт. Палестина үкімет басшысы Исмайл Ханиямен кездескен жауынгер топтар басшылары да, бұл күтпеген ұсынысты қарастыруға келісті. Палестина тарапынан жасалып жатқан зымырандық шабуылдарға шыдамдылықпен қарайтындықтарына Олмерт уәде берген еді. Батыс жағалауда атысты тоқтатуға қол жеткізілуі мүмкін, деп Израйль үкімет басшысы оптимистік ой білдірген болатын.
XS
SM
MD
LG