ТЕҺРАН: Иранның көрнекті діни қайраткері, ұлы аятолла Мохаммад Фазель Ланкарани Мұхаммад пайғамбарға “тіл тигізді” деп айыпталған Әзірбайжан журналисі өзінің тиесілі жазасына тартылсын деп тілеп дұға оқыды. Оның интернет-сайтында берілген түсіктемесінде Рафиқ Таһа (Rafiq Tagi) деген әлгі журналистің “өлімге кесілуі” – “сауап болады” делінген. Айыптаушылар Рафиқ Таһаны Мұхаммед пайғамбарды келемеждейтін суреттермен бірге берілген өзінің мақаласында ислам заңдарын “күлкі етті” деп кінәлайды. Осы жылдың басында Дания газетінде жарық көрген әлгіндей келемеж суреттер бүкіл мұсылман дүниесінің жаппай наразылығын туғызған болатын.