Accessibility links

Беларус үкіметі оппозиция белсендісі аштық ереуілін тоқтатты деп жариялады


Беларус үкіметі оппозиция белсендісі Александр Козулин түрмедегі аштық ереуілін тоқтатты деп жариялады. Александр Козулин аштық ереуілін 53 күн өткізді деп айтылды. Алайда Козулиннің жұбайы Ирина түрме басшылары күйеуімді көруге рұқсат бермей отыр, кеше жолдасымды тағы көре алмадым, үнін естімесім үкімет сөзіне сене алмаймын деді. Александр Козулин шілде айында бес жарым жыл түрмеге кесілген, ол президент Александр Лукашенконың қайта сайлануына қарсы демонстрацияларды ұйымдастырды деп айыпталған.
XS
SM
MD
LG