Түркия бас министрі Режеп Тайып Ердоған Түркияны Еуропа Одағына қабылдау жөніндегі келіссөзді шектеуді "әділетсіз" деп қабылдады. Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері кеше шешім қабылдап, Түркиямен өтіп жатқан келіссөздің күн тәртібінен сегіз бапты алып тастауды ұйғарды. Түркия Кипрге теңіз порттарын ашамын деген сөзінде тұрмады, Түркия сол үшін жазаланады делінді. Түркия Кипрді дербес мемлекет ретінде мойындамайтыны аян. Режеп Тайып Ердоған Түркия мәселені шешуге ынта танытып отыр, Еуропа одағының шешімі орынсыз деді Түркия теледидарында сөйлегенде.