Климаттың өзгеріп жатқаны жайлы мәселе 2006 жылдағы басты тақырыптардан түспеді. Қаңтар айында АҚШ-тың Ұлттық Ауа-райы қызметіне қарасты үкіметтік агенттігі, 1995 жылдан бері 10 жылдың тоғыз жылында ауаның жылымық болғаны туралы хабарлады. Ақпан айында Гренландияның мұздықтары бойынша сарапшылар, Атлант мұхитының екі еселенген мұзы, қатып қалған өзендердің алдыңғы онжылға қарағанда ери ери бастағанын айтты.
Сонымен қатар саясаткерлер мен саяси технологтар да ғаламдық жылыну туралы бұл мәселені жиі көтере бастады. Мамыр айында, климаттың өзгеру қаупіне қатысты “Ыңғайсыз шындық” атты деректі фильмде, АҚШ-тың бұрынғы вице президенті Альберт Гор көрсетіліп, ол Құрама Штатар тарихындағы ең жоғары табысқа ие болған үшінші фильм болды. Және Альберт Гордың 2008 жылда болатын президенттік сайлаудағы саяси басымдылығын арттырып жіберген.
Қазан айында Дүниежүзілік Банктің бұрынғы басшысы, экономист Николас Стерн, Британ үкіметінің тапсыруымен ауа райы жөніндегі зерттеулерді жарыққа шығарып, онда ғаламдық жылынудың алдын алмау салдары халықаралық ішкі өнімді 20 пайызға төмендетіп жіберу қаупін тудыратыны жазылған.
Әлбетте, ол хабарларға, кино немесе ғылыми конференцияларға қарағанда, көңілге қонымды көрсеткіш ауа-райының өзі болып отыр. Бұл тұрғыда Құрама Штаттардағы Принцтон университетінің халықаралық байланыстар және геоғылыми саласы бойынша профессоры Майкл Оппенеймер былай дейді.
“Жалпы қоғам бұл проблемамен соңғы бір немесе екі жыл ішінде климаттың жылынуы себебінен айналыса бастады. Кемінде ауа-райында күрт өзгерістер болып, бір жағдайлар орын алғанда, нақты дәлелдермен өзіміз көріп отырғандай, қатты құйындар мен адам шығындарын әкелген күннің қызуы сынды айқын көрінген жайттардан кейін бұл проблемаға қарай бастады”.
Бұл маман сонымен қатар, өткен жазда Құрама Штаттар мен Еуропада болған аптап ыстық жаздың рекордттық деңгейге жеткеніне тоқтала отырып, осы жаздағы ауа райының қатты қызуы ғаламдық жылынумен тікелей байланысты екенін алға тартады.
Онымен тағы бір маман Майкл Манн келісіп отыр. АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы жер жүйесі ғылыми орталығының директоры Майкл Манн қазір де көп ауа райын болжаушылар климаттың өзгеруіне адамзаттың әсері бар дегенге қарсы болып келеді. Бірақ, әдеттен тыс ауа райының болуына қоғамның жаңғырығы себеп болып отыр дейді.
“Адамдар бұл проблеманы қалай сезінетіндіктері турасында өздерінің күнделікті негізде шынымен де қатты ықпалын сезіп жатыр. Климаттың өзгеруі- ол ауа-райының ақырындап өзгеріске түсуі, және адамдардың әрекеті жылы суға салынып, ол су біртендеп ысып одан кейін қатты ыстық судан секіріп шыға алмаған құрбақа сияқты. Меніңше, бұл мұндағы азамзат қоғамымен ұқсас проблема”.
Майкл Манның пікірінше, құрбақа сияқты қоғам климаттың өзгеруіне ақырын ғана мән береді. Сол салғырт қараудың салдары осыған әкелді. Адамзат пен олардың көмірқышқыл газы алдағы уақытта климаттың жылынуына белгілі бір мөлшерде әсер еткеніне тоқталған сарапшы Ман, адамдар соңғы кезде ғаламдық жылынуға салдарын тигізетіндей ондаған жылдар бойына жететін көмірқышқыл газының көп мөлшерін шығарғанын айтады. Сонымен мамандар, табиғи апаттарға әкеліп жатқан ауа-райының өзгеріске ұшырағанын мойындағанымен, ол қауіптің қаншалықты алдын-алу керектігі жөнінде өздерінде жеткілікті ақпарат жоқ екенін алға тартады. Және адамзаттың апатты өзгерістерді болдырмау үшін шешімді қадамдар жасауына ондаған жылдай ғана уақыт бар екенін ескертеді.