Әйгілі Желтоқсан көтерілісі жайлы Қазақстанда аз жазылған жоқ. Бірақ олардың бәрінде де шындық беті әлі ашылмай отыр делінген қортындылар жасалатын. Ал осы жолы шығарылып отырған «Желтоқсан 86» атты 10 томдық жинақтың ерекшелігі жайлы осы кітапты шығарушы Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қор жетекшісі Рысбек Сәрсенбайұлы былай дейді:
- Бұл кітапта жазалау шараларына белсене қатысқан органның адамдарының, тіпті органнан тыс белсенді жасақшы болғандардың, сол заманның сөзімен айтсақ, «жақсы қырынан көрінді» дегендердің аты-жөндері, алған наградалары, медальдары, кім құрмет граматосымен немесе басқалай заттай сыйлықпен наградталды, тіпті ақшалай сыйлық алғандарына дейін көрсетіледі. Қазіргі парламентте отырғандар, билік саласында істеп жүргендер, сол кездегі жазалап-қудалауға тікелей қатысқан адамдардың аты-жөні аталады. Қазіргі министр болып отырғандардың, мен олардың аты-жөнін атап айтпай-ақ қояйын, сол кездері өздерінше белсенділік көрсеткендері олардың сол кездегі жазған хаттарынан көрінеді. Былайша айтқанда, бүгінгі билік басында жүргендердің сол кездегі екі жүзділік әрекеті осы кітаптағы материалдар арқылы дәлелденеді.
Сол кезде жазалаушылар қатарында болып, кейін ол үшін халықтан кешірім сұраған азамат – оппозиция көсемдерінің бірі - Жармахан Тұяқбай еді.
- Менің бүгін айтайын дегенім, сол кездері желтоқсан оқиғасына, қудалауға, жазалауға қатысы бар, септігі тиген азаматтар елінің алдында, халқының алдында өзінің қара басы үшін өзінің арын тазалап алуы керек деп есептеймін. Бұл оның өзіне керек, халыққа оның кешірім сұрағаны керек емес те шығар, ал ол ең бірінші өзінің арының алдында тазалануы керек деп есептеймін. Міне, сонда ғана біздің елде шынайы әділеттік, шынайы шындықтың беті ашылып, шынайы әділеттілік орнар еді деп ойлаймын.
Кітаптың тұсау кесеріне келген желтоқсандықтар кітап шығарушыларға үлкен алғыстарын айтып та жатты. Солардың бірі - ең алғаш «Желтоқсан» қоғамдық бірлестігін басқарған Хасен Қожахмет.
- Бұл кітапқа бірталай материалдарды әйтеуір халыққа жете берсін деген оймен мен беріп едім. Қазір көбі біле де бермейді, ең алғаш «Желтоқсан» қоғамдық бірлестігін 1989 жылы түрмеден келген соң біз құрып едік. Сонда біздің бағдарламамызда екі мақсат бар еді. Біріншісі, түрмедегі басқа желтоқсандықтарды босату, ақтау мәселесі. Екіншісі, соларды жазалаған билік басындағыларды жауапқа тарту мәселесі болатын. Өкінішке орай, екінші мәселеде бізді халық қолдай қоймады. Кейіннен биліктің қысым жасағанын білесіздер. Митингімізді де таратты, газетімізді де жапты... Ал енді сол қысым жасаған азаматтар, кейін өздері де оппозицияға шығатынын ойламады... Тағы да басқалары «ана жақта» отыр. Олар да бір күні оппозицияға шығады. Олар қазіргі оппозицияға қысым жасап жатыр, көрдіңіздер ме, біздің ауызбірлігіміздің жоқтығы...
Желтоқсан көтерілісіне қатысқаны үшін сол кезде сот үкімімен ату жазасына кесілген екі адамның бірі - Мырзағұл Әбдіқұлов.
- Мен осы кітаптың шыққанына да ризамын, ұмытпағанына. Бірақ, менің айтатыным бір-ақ мәселе. Мені соттаған адам осы уақытқа дейін менен кешірім сұрамақ түгілі, «мен оны дұрыс соттадым» деп, «Заң» газетіне өзінің сұхбатын берді. Ал мен осы ату жазасын алатын кезде сол судьяның алдында тұрып менің анам, бір жарым жасар баланы итермеледі... «Балам, мені сен артқа тастап кеткенше алдыңа салып кетпедің бе!» деп... Сонда мен соңғы сөзді де айтуға мұршам болмай, төрт жігіт мені көтеріп алып кетті. Мінеки, сөйтіп, анама бір уыс топырақ салу да маған бұйырған жоқ.
Жиырма жыл бұрынғы тарихи оқиғаға арналған 10 томдық бұл жинақтың шығуы желтоқсан көтерілісіне байланысты көптеген деректерді алғаш рет ашық жариялағанымен, тұсау кесерге келген желтоқсандықтар бұл 10 томдық та толық емес деген ой білдірді.