Пәкістан сыртқы істер министрлігі осы жылы талибандық соғысушы деп күдіктелген 500-ден аса кісіні тұтқындағанын және олардың көбін Ауған билігіне тапсырғанын хабарлады. Пәкістан жағы бұл мәлімдемесін көршілес Ауғанстан елімен арадағы байланыстардың ушығып тұрған кезінде жариялап отыр. Ауғанстан президенті Хамид Карзай өз еліндегі зорлық-зомбылықтың өршіп кеткендігіне Пәкістан үкіметі жауапты деп айтқан болатын.