Алматы тұрғыны Ерлан Байғожин футбол ойындарының нәтижесін алдын ала болжап, сол бойынша бәс тіккенді ұнататындығын айтады.
- Мен өзім болжам жасаған футбол кездесулерінің нәтижелерін үнемі тексеріп отырамын. Соған байланысты «Гол+Пас» букмекерлік мекемесінің А.Литвиненконың өліміне қатысты сот ісінің нәтижелеріне бәс тігіліп жатқандығынан да хабардармын. Бірақ, маған саясаттан гөрі спорт қызықтырақ, - дейді Ерлан.
«Гол+пас» букмекерлік мекемесінің Алматыдағы бөлімшесіндегілер Александр Литвиненконың өліміне қатысты іс бойынша бәс қабылдау жүріп жатқандығынан хабарсыз.
- Әзірге бұл іс бойынша бәс тігіліп жатқандығын көріп тұрғаным жоқ. Бірақ, кейінірек түсіп қалатын шығар, - дейді Алматыдағы букмекерлік мекемеде істейтін Николай есімді азамат.
Ал «Гол+Пас» букмекерлік мекемесінің Бас директоры Николай Ескендіровтың айтуынша, А.Литвиненконың өліміне қатысты істің қорытындыларына байланысты бәс тігу интернет желісі арқылы жүргізіледі.
- Осы мәселеге қатысты болжам жасап, бәсекеге қатысу үшін біздің сайтқа тіркелу керек. Одан соң өз депозитіңізге ақша аударып бәс тіге аласыз. Бәстің шарттарының барлығы біздің сайтта айтылған, - дейді Николай Ескендіров.
«Гол+Пас» букмекерлік мекемесіндегі жауапты қызметкерлердің «Азаттық» радиосына жіберген ақпаратында А.Литвиненконың өліміне қатысты тергеу нәтижелеріне болжам жасаушылардың дені Ресей азаматтары екендігі айтылған. Бұл жағдайды букмекерлік мекемесіндегілер тақырыптың ресейліктерге жақынырақ екендігімен түсіндіреді.
Сонымен қатар, «Гол+Пас» таратқан ақпаратта осы тақырыпқа қызығушылық танытып, бәске барушылар бар екендігі, олардың саны бәс қорытындысы шығарылғанға дейін артуы керек деген болжам айтылады.
«Гол+Пас» букмекерлік мекемесі А.Литвиненко өлімінің тергеуі бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында келтірілген бірқатар кісілердің есімін букмекерлердің назарына ұсынған. Желтоқсанның 9-күні А.Литвиненконың өліміне қатысты тергеу ісінің нәтижелеріне қатысты бәс қабылдау басталған сәтте, болжам жасаушылар Б.Березовскийдің есімін келтірушілер көп болып, қалғандары тең дәрежеде орналасқан. Ал қазіргі таңда, Б.Березовскийді санамағанда, басқа да тұлғаларға қойылған бәстің әркелкілігі байқалады», делінген «Гол+Пас» мекемесі таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар, мекеменің ақпаратында «ешкім емес» деген жауапты таңдаушылар көбейіп келе жатқандығы келтірілген. Яғни, «2007 жылдың ақпанына дейін А.Литвиненконың өліміне қатысты тергеу ісі аяқталмайды» деген пікірді жақтаушылар басым делінген «Гол+Пас» мекемесінің «Азаттық» тілшісінің сұрақтарына берген жауабында.
Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы қызметкері Александр Литвиненко қарашаның 24-күні Лондондағы ауруханалардың бірінде қайтыс болған еді. Радиациялық қауіпсіздік жөніндегі мамандар Литвиненко радиактивті полоний элементінен уланғандығын анықтап отыр.