НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі Иранды ядролық бағдарламасы үшін жазалау шарасы қарастырылған Қарардың өзгертілген жобасымен танысу үстінде. Франция, Германия және Ұлыбритания жобаға өзгерістер енгізгенде Иранның саяси лидерлері мен оның ядролық және соғыс зымырандары бағдарламаларына қатысты тұлғаларының сапарға шығуына тыйым салатын баптарын жоюды талап еткен Ресей мен Қытайдың шарттарын ескерді. Ресми Вашингтон мен Еуропа одағының аталған 3 мүшесі Қарардың жобасы жұма күні дауысқа қойылады деп үміттенеді.