Accessibility links

СПИД дертіне қатысты қазақстандық ғалымның жаңа зерттеу еңбегі жарияланды


Американдық Қазақ ғалымы, медицина профессоры Алмаз Шарманның ғасыр індеті СПИДке арналған көлемді ғылми зерттеу еңбегі АҚШтағы Профилактикалық Академиясында орыс тілінде жарық көрді. Бұл еңбек алдымен Ағылшын тілінде жарық көрген. Прага қаласында Азаттық радиосына берген сұхбатында профессор Алмаз Шарман өзінің бұл жаңа еңбегі бойынша қойылған сұрақтарға төмендегі жауабын берді.

Бүкіл әлемде СПИД пандемиясынан қазірге дейін 20 млндай адам қаза тапты. Сондықтан, бұл әлеүметтік, экономикалық үлкен проблема болып тұр. СПИД 1930-жылдары Африкадағы маймылдан тараған деген гипотеза бар.

Жалпы СПИД, кезінде жарияланған еңбектерге қарағанда, 1980-жылдары тарай бастаған. Ол кезде Пуэрториколық гомосексуалистермен СПИД келді деген дерек бар. Сондықтан, 1982-83 жылдары СПИД эпидемиясы Америкада, Пуэрторико, Сан Франсискодан басталып, СССРге алғаш 1986-жылдары келді. Ал Қазақстанда болса 1989-90 жылдардан бұл дерт анықтала бастады. Содан бері Қазақ елінде алты мыңдай адам бұл дертті жұқтырған.

Ертеректе СПИД көбірек тараған обылыстар қатарында Теміртау, Қарағанды, Павлодар болса, міне енді, Оңтүстік Қазақстанда тек қана балалар арасында 90 шақты өспірім ВИЧ дертіне кезіккендігі жарияланып отыр, яғни олардың ВИЧ вирусын жұтқырғандығы анықталды.

Жарық дүниемен қоштасқандары он шақты. Сондай-ақ, ВИЧ жұқтырған аналар да табылып жатыр. Сондай-ақ, Алматыда да ВИЧ вирусын жұқтырғандар бар. Ал Өзбекстандағы наркомандар арқылы тараған ВИЧ көршілес Қазақстанға да үлкен қауіп төндіретіндігі айқын жағдай.

Бұл арада әрбір азамат білүі тиіс бір нәрсе – ВИЧ вирусы қанмен жұғады бірақ оны бастапқы кезде СПИД деүге келмейді. ВИЧ вирусын жұқтырған кезде қазірше табылған бір қатар дәрінің көмегімен науқастың өмірін ұзарта тұруға болады. Ал бірақ ол СПИДке айланған кезде әзірше оның емі жоқ деуге болады.

Оңтүстік Қазақстанда болған жағдай күтілмеген өте қиын мәселе деүге келеді. Тұрғындай тығыз жайғасқан міне сол аймақта жүздеген баланың ВИЧ вирусын жұқтыруы бұл өте ауыр жағдай. Қазірдің өзінде ондаған бала жарық дүниемен қоштасты. Ал бұл дертке кезіккен балалардың ата-аналары психологиялық ауыр ақуалға кезігіп отыр.

СПИД жөнінде, алдымен, дәрігер мамандар білүі тиіс. Ал қатардағы азаматтарға келер болсақ егер олар сақ болса ВИЧ вирусы, грипп, түберкүлөз сықылды оңай, тез жұға салмайды. ВИЧ вирусы көп рет қолданған, лас шприц арқылы, қан, сондай-ақ, қауіпті секс арқылы жұғады.

Сондықтан, алдымен осы үш нәрсеге сақ болса адам бұл өте қауіпті дерттен аман қалуға болады. Жалпы, СПИДке қарсы күрес тек қана Денсаулық министрлігінің шаруасы десек қателесеміз. Бұл барлық қауым, барлық үкіметтік ұйымдардың ортақ міндеті болуы керек. Сонда ғана біз бұл аса қауіпті індетке қарсы тұра аламыз.

Ал менің бұл жаңа кітабымда ВИЧ және СПИДқа қарсы күресте, ол дерттен сақтану, емделу үшін пайдалы делінетін 1167 еңбектің тізімі берілген.

Жаңа кітап ауторы Алмаз Шарман Қазақстандағы белгілі дәрігерлер отбасында дүниеге келген. Алматыдағы Медициналық жоғары оқу орнын тамамдаған. Кандидаттық, докторлық диссертацияларын Алматыда қорғаған. Алматы, Мәскеудегі ғылми, зерттеу орталықтарында Иммунология мәселесімен тікелей шұғылданған.

Ал, 1990-жылдары АҚШқа шақырылып, ол жердегі Медицина орталықтарында, академия, университеттерінде қан және СПИД промблемасы бойынша зерттеу жұмысын жалғастырған. İзденіс жұмыстарымен әлемнің барлық құрылығындағы зерттеу топтарымен қызметтес болған. Көптеген ғылми еңбектері ағылшын және өзге тілдерде жарық көрген.
XS
SM
MD
LG