Түркіменстанды 20 жылдан астам уақыт басқарған Сапармұрат Ниязовтың мәйіті оның туған ауылы Қыпшақтағы кесенеде жерленді. Бүгін Ниязовпен қоштасуға мыңдаған адам келді. Ашхабадтағы жерлеу рәсіміне, сондай-ақ, АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Ричард Баучер мен Ресей премьер-министрі Михаил Фрадков қатысты. Ниязов бейсенбі күні жүрек ауруынан қайтыс болған тұғын.