Алдымен Орхусс конвенцисы туралы бірер сөз. Екі жылдам астам уақыт талқыланып барып 1998 жылы Данияның Орхусс қаласында Еуропа елдерінің экология министірлері бекіткен бұл құжат адамзат басының қоршаған оратаны сақтауда келер ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сеізінуді заңдастырған құжат болды. Бұл құжаттың талабы бойынша экологиялық ақпарат ашық, әрі билік экологиялық мәселелерге қатысты қоғам талаптарын елеп-ескере отырып қоғам алдында есеп береріп тұруды міндеттейді. Қазір әлемнің 40-тан астам мемлекеті қол қойған бұл құжатты Қазақстан да 2001 жылы бекіткен ді. Бұл құжаттың тағы бір талабы кез келген өндіріс нысандарының қошаған ортаға әсері туралы мамандармен бірге қоғамдық талқыдан өткізу, яғни тыңдаулар өткізу талабы бар болатын. Міне осы тыңдауларды жүргізу ережелері халықаралық стандартты болғанымен әр мемлекетте өзінше ерекшілігі бар екен. Қазақстан да енді осындай құжат әзірлеп Орхусс ковенциясының талаптарының тағы біреуін орындадық деп отыр.
- Қазақстандағы салынады делінген атом электр станциясы болсын, уран өндіріс нысандары, мұнай өңдеу нысандары, бәрі-бәрі қоғамдық талқыдан қтуі керек. Егер ондай болмаған жағдайда Министірліктің экологиялық сараптама орталығы сол нысандардың салынуын тоқтата алады. Ал біздегі қоғамдық тыңдаулар бұған дейін қауымдастықтың эмоциясын білдіретін мінбе ретінде болса, енді бәрі құжатталған Нұсқау шеңберінде болмақ, - дейді Экологиялық форумның жетекшісі Қайша Атаханова.
Бұл құжат қоғамдық тыңдаулар өту тәртібін, мерзімін, қоғам пікірін ескеру тәртібін реттейді, т.б. толып жатқан қажет тетіктерді қамтыған дейді Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының Алматыдағы орталық маманы Вадим Ни.
Сондай-ақ ол қазақстандықтар үшін экология мәселесі өте өткір болғанымен оған қоғам мүшелерінің белсенді араласып, ықпал етіп жатқаны онша сезілмейтінін айтады.
«Себебі, экологиялық сана, мәдениет бізде енді қалыптасып келеді десем артық айтпаған болармын. Мысалы, Алматыда қыруар қаржы жұмсап көше қиылыстарына тот баспайтын металдан контейнерлер қойдық. Ол контейнерге тамақ , қағаз, шыны қалдықтарын бөлек-бөлек салу көзделген. Нәтижесі не болды - ешкім де олай істемеді. Себебі, оны мектеп жасынан үйрету керек. Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін сол кезден қалыптастыру керек. Ал бізде ше? Әйтеуір қанау, қалай болса солай пайдалану үрдісі қалыптасқан» дейді Вадим Ни.