Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ілияс Бақтыбаев оң жақтан басқарылатын автокөліктер техникалық жағынан ескірмейінше, олар пайдалануда жүруі тиіс деп есептейді. Ол бұған дәлел ретінде, Қазақстанда мұндай автокөліктерді айдауға тыйым салатындай бірде-бір нормативтік қаулылардың жоқ екендігін алға тарта келіп, Қауіпсіздік Кеңесінде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үкіметке берген тапсырмасы талқылану үстінде дегенді айтты. Бұл жайында «Азаттық» радиосына берген сұхбатында Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының баспасөз хатшысы Сәулебек Жәмкенов былай дейді:
- Ол кезінде ұсыныс ретінде айтылған болатын. Оның заңдық құқы жоқ. Мұны алдымен, заң жағынан нақтылап алу керек. Қазақстанда жеке адамның мүлкіне ешкімнің тиісуге құқы жоқ. Бұл біздің Конституциямыздың 26-бабында да айтылған. Біз мұның заңға қайшы келетінін, әркімнің өз мүлкін өз еркінше пайдалануы тиіс екенін еске салып отырмыз. Жоқ, пайдаланасыңдар деп, біздің де айтуға құқымыз жоқ. Автокөліктерді елге кіргізбеу жағы басқаша әңгіме. Ол мемлекеттің саясатынан туындап отырған мәселе.
Ал оң жақтан басқарылатын автокөліктерге тыйым салуға қарсы құрылған «Оңшылдар Одағы» қоғамдық қозғалысының төрағасы Анатолий Ахметов бас прокуратураның мұндай мәлімдемесін 1 айдан бері өз құқықтары үшін күресіп келген көлік иелерінің жеңісі деп есептейді.
- Мен бұл мәселенің біздің пайдамызға шешілетінін білгенмін. Өйткені, үкіметтің бұл әрекеті конституцияға қайшы келген болатын. Жалпы, мен мұндай күрделі мәселелердің шерулерден гөрі халықты ағарту жолымен, тыныш қана шешілгенін қолдаймын. Біздің азаматтар әлі де өз құқықтарын дұрыс қорғай алмай келеді. Жалпы, биліктің мұндай тоқтамға келуіне біздің бұған дейінгі істеген шараларымыз әсер етті деп ойлаймын, - дейді Анатолий Ахметов.
Ал саясаттанушы Берік Әбдіғалиев болса, билік өз шешімін өзгертеді дегенге сенбейтінін айтып, шешім бәрібір өзгеріссіз қалады деген болжам жасайды.
- Бізде, өкінішке орай, президенттің айтқаны заңнан жоғары болып есептеледі. Сондықтан, президенттің бұл шешімі бәрібір орындалады деп ойлаймын. Демократиялық мемлекеттерде билік «мұнымыз шынымен-ақ дұрыс емес шығар» деп қателігін мойындайтын болса, бізде мойындалмайды, - дейді саясаттанушы.
Оң жақтан басқарылатын автокөліктерді пайдалануды біртіндеп тоқтату жайында алғаш рет биылғы жылы қарашаның 13-күні Астанада өткен қауіпсіздік кеңесінің отырысында президент Нұрсұлтан Назарбаев айтқан болатын. Президент 2007 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап оң жақ рулді автокөліктерді сырттан ел аумағына кіргізбеуді, ал 2009 жылдан бастап мүлде пайдаланбауды тапсырған-ды. Бұл шара соңғы жылдары оң жақ рулді автокөліктердің қатысуымен болатын жол көлік апаттарының көбейіп кетуімен байланысты болып отыр деп түсіндірген еді Қазақстан жол полициясының басшылығы. Содан бері Қазақстанда оң жақтан басқарылатын автокөлік иелері бірнеше рет наразылық шеруін өткізген болатын. Ресми мәлімет бойынша, қазірде Қазақстанда мұндай автокөліктердің саны 117 мың.